Мектеп туралы — "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектебі" КММ

Мектеп туралы

Қазалы ауданындағы ең байырғы оқу орны болып саналатын мектеп 1919 жылы № 66 орыс мектебі жанынан қазақ класы болып ашылуы нәтижесінде өз тарихын бастайды да, 1927 – 1928 оқу жылында №66 мектептен бөлініп, жеке шаңырақ көтереді. 1934-1935 жылы Орынбор теміржолына қарасты №67 жеті жылдық мектеп болып аталады.1937 жылы 420 орындық 2 қабатты мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысының басталып кетуіне байланысты мектеп үйі госпиталь ретінде пайдаланылған. 1949-1950 жылдары он жылдық мектеп болып үлкейтіліп, теміржолшылардың балаларын оқытатын мектеп болған.Мектеп 1956 жылдан бастап Орынбор теміржолына қарасты  орта мектеп болып аталады. 1956 жылы 3 қыркүйектен бастап қазақ теміржолының құрылуына байланысты №67 мектеп № 420 теміржол мектебі деп аталады. Ол кезде бұл мектеп Алматы теміржолының білім бөліміне қарайды. 1977 жылы №420 мектеп Батыс Қазақстан теміржолының құрылуына байланысты №17 теміржол қазақ орта мектебі болып өзгертілді. Ал №422 мектеп №18 негізгі мектеп болып өзгертілген. Мектеп осы уақытта Ақтөбе теміржолының білім бөліміне қараған. Мектеп 1998 жылы кент әкімінің шешімен. «Үлгілі ұжым» атағына ие болды. 2000 жылы облыстық «Жыл мектебі» байқауында ІІІ орын иеленіп, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2001 жылы мектеп жанындағы  интернат ұжымы «Жыл интернаты» байқауына қатысып, І орын иеленіп, республикалық сайыстың лауреаты атанды

1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, аудан әкімінің шешімімен №17 теміржол қазақ орта мектебіне Жанқожа батыр есімі берілді. 1994 жылы Жанқожа батыр атындағы қазақ орта мектебі 75 жылдық торқалы тойын республика көлемінде  тойлады. 1996-1997 оқу жылында  Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты аудан орталығындағы №249 орталау мектеп №17 мектепке біріктірілді.1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап  мектеп жергілікті атқару орындарының қарамағына беріліп, аудандық білім бөліміне қарасты Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп болып жұмыс істеп келеді.

Share to friends
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектебі" КММ